BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

АСАР – ЕЛ БІРЛІГІ

Төл тарихымыздағы маңызды күні Мойынқұм ауданындағы Құмөзек ауылында «Асарлатып үй салу» жобасымен салынған тұрғын үйдің кілті тапсырылды.

Аудан басшысы Әлихан Балқыбеков ұлттық мереке — Республика күнімен құттықтап, үй иесіне ізгі тілектерін жеткізді. Асарлатып салынған үйдің лентасын қиылып, кілт үй иесіне табысталды. Қоныстойын тойлаған отбасыға ауыл қариялары ақ батасын берсе, ақ жаулақты әжелері шашу шашты.

– Мына ауылдарыңызда өте қуанышты жағдай болып жатыр. Елдің бірлігі деген осы Асарлатып жобасыменен осы кісілерге көмек көрсетіп. Мынандай үйдің қазір енді қолданысқа беріп жатыр. Сондықтан құтты болсын. Жалпы біздің қазақ халқының ерекшелігі осы емес па. Бір- біріне тілеуқор сөзбен болсын, еңбекпен болсын,-дейді Әлихан Балқыбеков , Мойынқұм ауданының әкімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *