JAŃALYQTAR

МӘСЕЛЕҢІЗДІ ӘКІМ ТЫҢДАЙДЫ

Арада 10 күн өтпей, облыс әкімі жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына қайта барды. Мақсат – ауылдық ағайынның арыз-шағымы, талап тілегін тыңдау. Тыңдап қана қоймай, тиісті жауап беріп, атқарылып жатқан жұмыстарды тарқатып түсіндіру. Бұл жолғы кездесу Ақбастау және Айшабибі ауылдық округтерінде өтті.

Бұл – әкімдер мен тұрғындар арасындағы жыл басынан бергі 855-ші кездесу. Алдымен Ақбастаулықтар тілегі тыңдалды.

Биыл Шоқай ауылында 150 орындық мектеп салынып жатыр. Алғашқы қарқыны күшті еді, тоқтап қалды…\

Биыл тағы да 100 млн теңге бөлдік шамамызға қарай. Мектепті келесі жылы бітіреміз…\

Сейдалы каналымыз бар еді. Соны ата-бабамыз қолмен қазған еді. Мердігер компания келді де құртып кетті. Соны жөндеуге ықпал етсеңіз…\

Мен ол проблеманы білемін. Бірақ биыл шешеміз деп айта алмаймын. Себебі, көп қаржы керек…\

Айта кетерлігі, халықтың талабынан, бата-тілегі басым болды. Тіпті әкімге арнау өлең шығарғандар да табылды.

 Қараша қадау-қадау мәселелерін бұдан бөлек әкімнің жеке қабылдауында жеткізді.

Кездесу Айшабибі ауылдық округінде жалғасты. Тұрғындарды толғандырған біраз мәселе ашық айтылды.

Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауыл әкімі, аудан әкімі шешміз десе, соған сеніңіздер. Сеніп қана қоймай, бірге атсалысыңыздар…\

 Сенім маңызды екенін ескерткен облыс басшысы, Жамбыл ауданы тұрғындарының ауызбіршілігіне жоғары баға беретін ерекше атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *