BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

МЕРЕКЕДЕГІ ҚОНЫСТОЙ

Мерекедегі мерейлі істер жалғасын табуда. Шу ауданында Республика күні кең көлемде атап өтілді.

Салтанатты жиынға ауданның түрлі салаларында жемісті еңбек етіп, лайықты тер төгіп жүрген азаматтар шақырылған. аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков алғашқы құттықтау сөз сөйлеп халыққа ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар республика күніне орай «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде сатып алынған 11 жеке тұрғын үй кезекте тұрған, тұрғын үйге мұқтаж көпбалалы және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарға сатып алу құқығынсыз жалға берілді.

– Осы үйдің кезегінде тұрғанымызға 11 жыл болды. Осы ұзақ уақыттан бері үйдің кілтіне жетіп отырмыз. Өте қуаныштымыз алып отырғанымызға. Осы уақытқа дейін квартира да жүрдік арендада. Міні бүгін мереке күні Республика күнінде пәтерімізді алып отырмыз. Қуаныштымыз,-дейді Гүлзира Шакишева, көпбалала ана

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *