JAŃALYQTAR

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ТАРАЗДА

Ескерткіш ашылуынан кейін «Көне Тараз» кешенінде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Шерағаның өнегелі өмір жолы, шығармашылығы туралы тың ақпараттар баяндалған басқосуға қазақ жазушыларының бір парасы жиналды. Зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен бірқатар басшылар келді.

Берік УӘЛИ  «ХАБАР АГЕНТТІГІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Конференция қазіргі қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзінің даму тенденциялары тақырыбында өтті. Мәдени шара қонақтарының қатарында халық жазушысының сыныптасы – Әбдуәлі Данаев болды. Ол Шерханның бала кезінен батыл болғанын, ана тіліне ерекше құрметпен қарағанын жеткізді.

Әбдуәлі ДАНАЕВ ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ СЫНЫПТАСЫ

Редакторлардың редакторы, шындықтың жебесі атанған Шерхан Мұртазаның қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ал, бүгінгі мәдени конференцияның көне Таразда ұйымдастырылуы  үлкен мәнге иее деген баға берілді.

Нұрлан ОРАЗАЛИН  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

Шара соңында Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған 5 томдықшығармалар жинағы мен Ауылды, сені, сағынам атты кітабының тұсаукесері өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *