BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА АУРУХАНАЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУҒА 2,4 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және заңсыз иемденілген активтерден қайтарылған қаражат есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобалар іске асырылып келеді,-деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агентігі, үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысының Меркі және Талас аудандарындағы ауданаралық көпбейінді орталық ауруханаларды реконструкциялау жоспарланған. Бұл мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 2,4 млрд теңге бөлінді.

Атап айтқанда, бөлінген қаражаттың басым бөлігі – 2,3 млрд теңге – Талас аудандық көпбейінді орталық аурухананы қайта жаңғыртуға бағытталмақ. Сондай-ақ Меркі аудандық көпбейінді орталық аурухананың қабылдау бөлімшесін жөндеуге 144,9 млн теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын, нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Жалпы, 2025 жылы Арнаулы мемлекеттік қордан Жамбыл облысында төрт денсаулық сақтау нысанын іске қосуға 2,8 млрд теңге бөлінді. Бұған дейін Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталғаны хабарланған. Әр нысан тәулігіне 45 келушіге дейін қабылдай алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *