BASTY BETJAŃALYQTAR

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында «Елу жылда – Ел жаңа» үкіметтік емес ұйымының ұйытқы болуымен Сарыкемер ауылында «Қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы, экономика PhD докторы Гүлзат Искакованың қатысуымен өтті. Отызға жуық көпбалалы ана мен қыз-келіншектер қатысқан жиынның басты мақсаты – әйел азаматшалардың қаржы саласындағы білімдерін кеңейту, сауаттылығын арттыру, жаңаша бағдарламалар мен қызықты ақпараттармен бөлісу болып табылады.

Бизнес-тренер жиналғандарға қаражатты қалай жұмсау керектігі жайында толық ақпарат берді. Өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажеттігі үйретілді. Жиында сонымен қатар халықтың несиеге батуы, қаржы пирамидалары, күмәнді инвестициялар және онлайн алаяқтары туралы кеңінен талқыланды.

Семинар-тренинг соңында қыз-келіншектер спикерге сауалдарын қойып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды. Болашақта қаржылық сауаттылықты дамытуға қатысты тағы да семинарлар өткізу жоспарланып, ұсыныстар айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *