BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА СОТТАЛҒАНДАРҒА «90+1» ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛДІ

Жамбыл облысындағы №59 мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтарға «90+1» фильмі көрсетілді, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.

Кино көрсетілімін облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – сотталған азаматтардың рухани-мәдени дамуына ықпал ету, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және кино өнері арқылы адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.

Фильмді тамашалаған қатысушылар оның мазмұны арқылы ой түюге мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мәдени іс-шаралар сотталған азаматтардың қоғаммен байланысын нығайтып, рухани дүниесін байытуға және түзелу жолында оң көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.

Облыстық халық шығармашылығы орталығы алдағы уақытта да түрлі әлеуметтік топтарға рухани қолдау көрсетуге бағытталған мәдени-ағартушылық шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *