BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ТАРАЗДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

«Ұлы дала» мөлтек ауданының күн санап келбеті өзгеріп жатыр. Бұған дейін жол салу жұмыстары қолға алынса, өткен сенбіде экологиялық акция ұйымдастырылып ағаш көшеттері отырғызылды. Абаттандыру жұмыстары аясында 1000-ға жуық тал егілді.
Шахардағы ең үлкен мөлтек ауданда қазір 50 мыңнан астам адам тұрады. Сондықтан инфрақұрылымды дамыту, аумақты абаттандыру басты назарда-,дейді жауаптылар. Ал мұнда салынып жатқан саябақтың аумағы он гектарды құрайды. 4500 мыңға жуық түрлі ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Олардың қатарында 600 қарағай, 200-ден астам тікенді және еуропалық шыршалар, сондай-ақ сирень, акация және тағы басқалары бар.

– Бүгінде бұл акцияға қала жастары, белсенділер, қарттар мен шенеуліктер белсене қатысуда. Басты міндеттердің бірі – қаланы көгалдандыру. Ағаш отырғызу бір бөлек, оны күтіп-баптау, дер кезінде суару, т.б. Қаланың тазалығы мен дамуы өз қолымызда. Біз қаланы таза ұстауымыз керек,-дейді Ербол Қарашөкеев , Жамбыл облысының әкімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *