BASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ЕРЛАН ҚОШАНОВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясына қатысып, Төраға лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі,ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.   

Президенттің айтуынша, Халық Кеңесінің Төрағасы халық пен билік арасында дәнекер бола алатын, тәжірибесі мол әрі жауапкершілігі жоғары азамат болуы керек.

– Осының бәрін ескере отырып, мен Ерлан Жақанұлы Қошановтың кандидатурасын ұсынамын. Бұл азаматты бәріңіз жақсы білесіздер, жауапкершілігі жоғары, білікті, тәжірибесі мол тұлға, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Халық Кеңесінің құрамына кәсіби білігі жоғары, беделді және елге адал қызмет етіп жүрген азаматтар енгенін атап өтті. Олардың қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен белсенді азаматтар бар.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы болып сайланды.

Президент Халық Кеңесінің алдында тұрған негізгі міндеттерге сессияның ертеңгі негізгі отырысында кеңірек тоқталатынын айтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *