БАСШЫСЫ ҚОРДАЙҒА БАРДЫ
Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Қордай ауданына жұмыс сапарымен барды. Аудандағы бірқатарнысандарды аралаған облыс әкімі, Гвардейск қалашығындағы «ОtarBioPharm» ЖШС-нің қызметімен де танысты. 2021 жылы пайдалануға берілген кәсіпорында 90 адам жұмыс істейді. Толығырақ сюжеттен көріңіз.
Мемлекет басшысы Қ.ТОҚАЕВтың тікелей тапсырмасымен пандемия кезінде Отар елді мекенінде «Биофарм» зауыты бой көтерген болатын. Жалпы өндірістің қуаттылығы жылына 30 -дан 60 миллионға дейін доза шығару. Мұнда негізінен ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері жұмыс істейді. Аймақ басшысы өз сөзінде жобаның маңыздылығына ерекше тоқталды.
Қордайда құс шаруашылығы қарқынды дамуда. Айталық «ЭKO CHICKEN» жобасы негізінде бүгінгі күнге дейін 21 модульді құс фермасын салған. Онда 40 мың құс өсіріледі. Биыл жыл соңына дейін қосымша тағы 10 модульді құс фермасы орнатылымақ. Бұл жобаның қуаыттылығы 1000 тоннаға дейін құс етін өндіруге жетеді деген сөз.
– Тауық өсіру мәселесі, бәріміз бейімделіп қалған ірі қараны сатып аламыз. Оған қарағанда мерзіміде көп шығыныда аздау болады. Тауық етін өндіріп Ахметбекұлының жобасын іске асырып әрі қарай дамытатын болсақ, халыққа жақсы ғой,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі
Облыс әкімі атбасын бұрған келесі нысан 150 адамға арналған полиция бөлімшесі. Оның құрылысы жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Жұмыс сапары соңында Ербол Шырақпайұлы Қарасу және Сортобе ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Ауыл азаматтарын толғандырған талай сауалдың жауабын алды. Өз сөзінде облыс әкімі барлық мәселелер міндетті түрде назарға алынады, заң аясында шешілуін жергілікті жауапты тұлғаларға тапсырды.