ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ЖИНАЛЫП ЖАТЫР
Шу ауданында да қызылшаға орақ түсті. Қазір диқандар жиын терім науқанына білек сыбана кіріскен. Белбарыс ауылында орналасқан «Qyzylsha» ЖШС-і атқарып жатқан жұмыстардың барысын көруге аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков арнайы барып қайтты.
«Qyzylsha» ЖШС-і биыл 562 га қант қызылшасын еккен. Шаруа қожалық бүгінгі күні егістік жердің 25 гектары жинап үлгерген. Алдағы уақытта өнімнің 2 000 тонна қант қызылшасы Меркі қант зауытына өткізіледі. ал орташа өнімділік әр гектардан 450-500 центнерден айналып жатыр дейді, жауаптылар.
– Жалпы өнімділігі жақсы шығып жатыр биылғы жылы. Технологиялар мынау Турция мемлекетімен бірге мамандар мен бірге жоспарланып, жыл басынан бастап өзіміздің басынан келген кезде де сол жыл басында себіліп оны жинағанға шейін, оны жеткізгенге шейін осының бәрін процестерінің бәрін осы мамандар мен бірге қадағалап өнімділігін арттыру бойынша жалпы жұмыстар атқарылып жатыр,-дейді Бақытжан Жәнібеков, Шу ауданының әкімі
Мұнда алқаптардың 65 гектарына спинкерлік суару технологиясы мен 1319-ына 27 жаңбырлатып суару машиналары қолданылады. Қазіргі таңда егін жинау науқанына барлығы 80-ге тарта жұмысшы , 45 техника және 2 қат қызылшасын жинайтын комбайн тартылған.
«Qyzylsha» ЖШС-нің басшылығымен кездескен аудан әкімі алдағы жұмыстарды жоспарлап, бірқатар мәселелерді талқылады.