JAŃALYQTAR

Тыйым салынған зат тағы да тәркіленді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №59 мекемесінде ағымдағы жылдың 5 ақпан күні мекеменің жедел және режим бөлімінің тексеру тобы қызметкерлерінің мекемедегі жазасын өтеуші азаматтарға келген сәлем-сауқаттарды тексеру барысында кезекті тыйым салынған затты өткізу дерегінің жолы кесілді. Сотталған А-ға келген азаматтың азық-түлігін тексеру кезінде «стэт лайн» маркалы темекісінің ішінен аса қулықпен оралған күлгін түсті целофан пакеті табылды. Оқиға орнына Тараз қаласының 1-ПБ-нің жедел-тергеу тобы шақыртылып, табылған пакеттерді ашу барысында ұнтақ тәріздес, ақ түсті, спецификалық иісі бар белгісіз зат табылып, сот-химиялық сараптамасының нәтижесі бойынша психотроптық зат екені дәлелденді.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, мекеменің ақпаратты есепке алу журналына тіркелді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *