BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

«МӘДЕНИЕТ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ»

Шу ауданында «Мәдениет-асыл қазынам» атты мәдениет күндері өтті. Іс-шарада ұлттық құндылықтарымызды ұлықталды. Айта кету керек мәдениет күндері ауданның 95 жылдығына арналған.

Шараның шымылдығы қазақтың жоңғарлармен шайқасы, Керей ханның ақ киізге көтерілуі сахналанған қойылымнан басталды. Қарауыл мұнарасы, киіз үйлер, алтыбақан, ұсталар мен шеберлердің ауылы көрерменді ежелгі заманға еріксіз жетеледі. Іс шара дәстүрлі дала мәдениетін дәріптеу, әрі жас ұрпақтың санасына бабаларымыздың салт-дәстүрі мен өмір дағдысын сіңіруге бағытталған.

– Қазақтың байтақ даласында ел халық болып, мақтан етер дүниенің бәрі, ұлттық мәдениеттің құндылықтарынан бастау аклары сөзсіз. Сондықтан төл таризымызды таразылап дәстүрлі мәдениетімізді дәрәптеу үшін бұл шараның орны ерекше. Ш у ауданы 90 жылдан бері заманның көш керуеніне ілесіп дамып келе жатқан аудандардың бірі,-дейді Ерлан Жүнісбай, ЖО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы

Алаңды жағалай жайғасқан қолөнер шеберлерінің ордасы да көпшілік қауымға ерекше әсер сыйлады. Жұрт қазақ үйлерде ұлттық дәмнен ауыз тиіп, құрт жасап, май шайқап, тары түю сынды көріністерге зер салды. Сондай-ақ, ат спорты ойындарын тамашалап, он саусағынан өнер тамған шеберлер мен ұсталардың қолөнер туындыларын зор қызығушылықпен қарады.

– Осы темір ұсташылықпен 1982 жылдан бері айналысамын Шымкент көркем сурет учелищесін бітіргеннен кейін. Кәсібім осы қазір темір ұстасы. Ұмытылып бара жатқан кәсіп баяғы. Атам менің үлкен ұста болған. Жергілікті жерге танымал. Қазір мен осыны жасаймын зергерлік бұйымдар, ат әбзелге әшекейлер, инсталация дейді орысша айтқанда. Сондай заттар жасаймын,-дейді Абдулла Наурызбаев, қолөнер шебері

Шара соңында «Харекет» қоғамдық қайырымдылық қоры атынан аудандағы үш отбасыға баспана кілті табысталды. Сондай-ақ, жуырда байрақты бәсекеде жеңіске жеткен кәсіби боксшы Батыр Жүкембаевқа құрмет көрсетілді. Мәдениет күндерінің соңы қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *