ЖАС САРБАЗДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
Жамбылдықтар әскерге шақырылған азаматтарды салтанатты түрде Отан алдындағы борышын өтеуге шығарып салды. “Әскерге бару – азаматтық борышың!” атты салтанатты жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеевте арнайы қатысып, жастарға жылы лебізін жеткізді.
– Құрметті жастар құрметті ата аналары отан бәріміз үшінде қасиеттіде киелі ұғым. Әскер алдында өызмет етіп отан алдында борыш өтеу әрбір азаматтың міндеті. Бұған асқан адалдық жауапкершілік қажет етеді. Әскер қатарында болу күш жігерді батылдықты шыдамдылықты және отанға адал қызмет етуді үйретеді,-дейді Ербол Қарашөкеев, жамбыл облысының әкімі
Биыл Жамбыл облысынан көктемгі-күзгі шақыртумен 1500-ге жуық жас сарбазды әскер қатарына жөнелту жоспарланған.Солардың қатарындағы 40 азамат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет қызметі мен Шымкент қаласындағы 35142 әскери бөліміндеріне мерзімді әскери қызметтерін атқаруға аттанды.
– Балама немереме кеп тұрмын соларды уайымдап жүрмізғой жақсы служтетіп барған жерінде әбүйірлі болып аман есен өзіміздің үйімізге отанымызға оралсын. Уайымдап тамағын әкеліп баламның бетінен сүйдім қазір,-дейді Рысбибі Досмамбетова
Әскерге шығарып салу рәсімі аясында жиынға қатысушылар Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы Барлау тобының қоян-қолтық ұрыс көрінісін тамашалады.Бұдан соң Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынды.