AGROBASTY BETJAŃALYQTARАймақ

ҚҰЛПЫНАЙ АЛҚАБЫНДАҒЫ ҚҰТТЫ ЕҢБЕК

Жамбылдық шаруалар соңғы жылдары құлпынай егуді көптеп қолға алып жатыр. Әсіресе Меркі, Жамбыл мен Байзақ аудандарының шаруалары осы іспен айналысып отыр.

«Жер – біздің басты асыраушымыз, сондықтан оның қадір-қасиетін бағалап, қамқор болуымыз керек», — деп санайды жамбылдық «Надежда-1» шаруа қожалығының басшысы Константин Эм. Нәсібін жерден терген шаруаны  өз ісін жан-тәнімен сүйетін жан десек қателеспейміз. Бала кезінен егіншілікпен айланысып келе жатқандықтан ол өзінің бар уақытын жұмысқа арнайды.  Оның ерен еңбегі жоғары өнімділікпен бағалануда, деп хабарлайды  «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

Дәмі тіл үйретін құлпынай ерте көктемнен қара күзге дейін өнім береді. Ал оны күтіп-баптау мен жиын терім жұмыстары таңсәріден басталады. Ерекше кәсіпті қолға алған «Надежда-1» шаруа қожалығы. Нұрлыайым Балтабаева болса бұл салада 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Оның айтуынша, алдағы уақытта өнімдер Республикаға шығарылмақ.

  • Осы салада жұмыс істеп жатқанымызға 20 жылдан асып кетті. Құлпынай осылай үлкен еңбекпен келеді. Көптеген еңбек төгеміз. Өнімімізді Қазақстанның түпкір түпкіріне апарып сатуға әрекет қыламыз. Сатуға дейінгі іс-әрекеттер өте көп. Отырғызу, отау сұрау сияқты,- дейді «Надежда-1» ШҚ жұмысшысы Нұрлыайым Балтабаева.

Қазірдің өзінде 8 тоннадан астам экологиялық таза жидек жиналды. Биылғы өнім орташа болды. Бұған ауа райының қолайсыздығы мен былтырғы құрғақшылық әсер еткен. Сонда да шаруа қожалығы маусым аяқталғанша 40 тоннадан астам өнім жиналатынына сеніп отыр.

  • Біз осында құлпынаймен жұмыс істейміз. Біз таңғы 6-да келеміз. 2 жұмысшы бригада бар. Біз күн сайын әртүрлі, кейде 300 кейде 400 қорап құлпынай жинаймыз,- дейді бригадир Алмаз Махмұтова. 

Қазіргі таңда шаруа қожалықта құлпынайдан басқа, қызанақта өсіріледі. Бұл көкөніске 5 гектар жер бөлініпті. Ал кәсіп иесі Константин Эм  өзінің құлпынай брендін одан әрі дамытып, экспортқа шығуды, жаңа технологияларды енгізуді көздеп отыр.

Айта кетейік, «Надежда -1» ШҚ  көбінесе  «клери» және «чезен» сорттарын өсіреді. Бұл сорттардың негізгі артықшылығы – жидектерде зиянды химиялық қоспалар жоқ және тек табиғи жағдайда өсірілген өнім. Шаруа қожалығы ауылшаруашылық өнімдерінің көлемін арттыруға үлес қосып, өнімділігі жоғары дақылдарды алу үшін егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға белсенді қатысады. Кәсіпорын тамшылатып суару жүйесін енгізуді және жидек пен көкөніс кластерлерін дамытуды жоспарлап отыр. Ол үшін барлық жағдай бар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *