BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

ТҰРҒЫНДАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ

31 тамыздан бастап облыста өрт-тактикалық оқу жаттығуы жиі өтіп жатыр. Бұл жолы 12 қабатты тұрғын үйдің тұрғындары тілсіз жаудан құтқарылды. Әрі өрт сөндірушілердің қызыл жалынмен күрес кезіндегі іс-әрекеттері жан-жақты пысықталды.

Сценарий бойынша жоспарланған құтқару операциясына Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамынан 64 адам және 15 бірлік техника жасақталған. Сондай-ақ полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері қатысты. Оқу-жаттығу кезінде тұрғындар қауіпсіз жерге шығарылып, сақтық шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жауаптылар алдағы уақытта мұндай іс-шаралар жалғасын табады,-дейді.

– Оқу-жаттығу кезінде Тараз қаласының төтеншн жағдай басқармасының мамандары халыққа, осы төтенше жағдайдың алдын алу бойынша және төтенше жағдай болған кезде іс-әрекеттері бойынша түсіндірме жұмыстары әнгіме жүргізді,-дейді Ермек Момбаев, ТЖД басшысы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *