BASTY BETJAŃALYQTARJAŃARǴAN JAMBYLYM

ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНА СЫН КӨП

Соңғы жылдары ветеринария саласына, ондағы мамандарға ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл өңірде ветеринария басқармасына 3,4 млрд теңге бөлінген. Маңызды салада 9 айда нендей жұмыстар атқарылды? Қаражат қандай жұмыстарға жұмсалды? Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен жауапты тұлғалардың қатысуымен өткен аппараттық кеңесте талқыланды.

Облыс аумағында 1958 жылдан бастап сібір жарасының 189 ошағы анықталған. Ал биыл аурудың үш түрі бойынша 14 ошағы белгілі болып отыр. олардың қатарында ірі қара малдың құтыруы, бруцеллез, сібір жарасы бар.

– 2023 жылдың басынан бері сібір жарасына 17 адам оң нәтиже берді. Бүгінгі күні барлық адамдар қажетті медициналық шаралардан кейін сауығып кетті. 5 ошақта (Талас-3, Жуалы-1, Тараз-1) ауру ошағын жою бойынша толық жұмыстар жүргізілді,-дейді Нұржас Құрмантаев, ЖО ветеринария басқармасының басшысы

Өңір басшысының айтуынша, қаңтар айында ауыл шаруашылығы министрлігі “тірі” вакциналар алдырған. Екпе уақытында салынса 21 күнде төрт түлікте иммунитет пайда болады. Осы орайда орынды екі сұрақ Мұнда 2 туындайды. Атап айтқанда:

Аймақ басшысының айтуынша, соңғы уақытта тұрғындардан жиі шағым түсуде. Бұдан бөлек, жақында Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат келген. Онда 8 ай бойынша өңірдегі ветеринариялық-профилактикалық іс – шаралар төмен деңгейде екенін айталған. Сондықтан Ербол Шырақпайұлы облыстық ветеринария басқармасының жұмысын бақылауға алатындығын жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *