AGROBASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ТӘТТІ ТҮБІР ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Меркіде қант қызылшасын жинау науқаны басталды. Аудан бойынша биыл 75 ауыл шаруашылығы 2901 гектар жерге қант қызылшасын еккен. Алайда ауа-райының қолайсыздығына байланысты тек 1400ден астам гектары ғана жиналады деп жоспарланып отыр.

Тәтті түбір жинау науқанынан «Алмас» шаруа қожалығы бастап отыр. Биыл 10 гектар жерге қант қызылшасын еккен. Енді шамамен 600-650 центнер өнім аламыз деп жоспарлауда. Ал бір қант қызылшасының орташа салмағы 3 келіден асып отыр. Шаруашылық тәтті түбірді күтіп баптау мақсатында алқапты техникамен жарақтандырып, 5 азаматты жұмыспен қамтып отыр.

– Биылға 10 гектар ектік. Келесі жылға 50 гектар ексек па деп жоспарлап отырмыз. Меркіде қызылша жинауды алғаш болып біз бастап жатырмыз. Сахзаводқа да өткізуге бірінші болып апарамыз. Өзіміздің техникамыз, жапырақ жинайтын комбайнымыз бар,-дейді Бектас Шайхиев, «алмас» ШҚ басшысы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *