«SUGIR MERGEN» САДАҚ АТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Жастар арасында ұлттық спортқа деген қызығушылық артып келеді. Оның бір дәлелі Таразда алғаш рет садақ атудан «Sugir mergen» атты дәстүрлі садақ ату орталығы ашылды. Дәл осы күні жиналған жасөспірімдердің қарасы қалың болды.
Ерекше кәсіпті ашу идеясы Индира Жәнібекқызына осыдан бірнеше жыл бұрын жүрегі сыр бергенде келіпті. Дәрігер садақ ату жаттығуын жасауға кеңес берген. Осы спорт түрі адам денсаулығына пайдасы мол екенін аңғарған ұстаз садақ ату орталығын ашуға кіріскен. Ұлттық спорт федерация басшысының айтуынша бұл жамбыл өңіріндегі садақ ату спортын дамытудағы алғашқы қадам болып отыр.
– Болашақта осы орталықтан көптеген нәжиелі мергендер шығады деген үміттеміз. Себебі садақ ату қарқынды даму үстінде. Жақында ғана республикалық чемпионат өтті. Жамбыл облысы жалпы командалық есеппен 3-ші орынға ие болды. Садақ атуға үлесімізді қосқанымыз үлкен ғанибет деп айтсақ болады. Жалпы болашақта осы садақ атуға бар күшімізгді саламыз. Бұл алқашқы сатысы, алғашқы қадамы,-дейді Нұрмахан Ахметов, ЖОБ дәстүрлі спорт федерациясының президенті