СУ ТАРИФІ ҚЫМБАТТАДЫ
Су тарифі қымбаттады! Енді айына 3м кубтан жоғары су пайдалансаңыз, баға да жоғарылай түседі! Жалпы су бағасы 2,18 пайызға дейін бір-ақ өскен. Мамандардың сөзінше тарифтің өзгеруі «Инвестицияға айырбасталған тариф» бағдарламасы аясында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту қажеттілігіне байланысты енгізіліп отыр,-деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агентігі.
Су тарифі жеке тұлғалар үшін қымбаттады. Енді күнделікті тұтынған тіршілік нәрі үшін төлем құны 4 топқа бөлініп, әртүрлі бағада есептеледі. Нақтырақ айтсақ, 1 топ – 3 куб метрге дейін; 2 топ –5 куб метрге дейін тұтынатындар. Ал 10 куб метрге дейінгілер 3 топқа бөлігіп. Ал суды одан көп пайдаланғандар 4 топ деп бағаланады.
Тарифке әсер ететін негізгі факторлар: стратегиялық тауарлар құнының өсуі: көмір, мазут, дизель отыны, газ, электроэнергия және т.б.; негізгі құралдар құнының өсуіне әкелмейтін күрделі және ағымдағы жөндеулер; өндірістік персоналдың еңбекақы төлеу қорын индекстеу; иесіз желілер: оларды сенімгерлік басқаруға қабылдау,-деді Қр Ұэм Табиғи Монополияларды Реттеу Комитеті Жоб Департамент Басшысы Алмат Абдрайхан .
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде инфлияцияның биыл 10 пайызға өсуіне негізгі себептің бірі коммуналдық тарифтердің қымбаттауы түрткі болған. Ал “Тарифті инвестицияға айырбастау” бағдарламасы 2029 жылға дейін жалғасады. Яғни, бұл жоба бойынша әлі 6 жыл бойы коммуналдық тарифтер үздіксіз өседі деген сөз.