ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ
Елімізде қазан айының алғашқы жұлдызы Халықаралық қарттар күні. Кеуделері шежіреге толы қариялардың парасатты пікірлері мен жас буынға берер ақыл-кеңестері қашан да қажет. Мерекеде Шу ауданында да қазыналы қарттарымызға құрмет көрсетілді.
Шараның басы – қасында жүрген аудан басшысы Бақытжан Жәнібеков мереке күніне орай, Елімізге танымал “Құрмет”,”Парасат” орденінің иегері Әбдімомын Желдібаевты құттықтады. Әңгіме барысында Әбдімомын қария ауданның бірқатар мәселесіне тоқталып өтті.
– Потенциялы үлкен ауданғой, тек қана қолға алу керек боп жатырғо. Әлі қайда істелетін жұмыс, бұл жерде қызыдшаны қолға алса, енді ол керемет. Қызылшаны да қолға алуға болад жүгеріні де қолға алуға болад, жоңышқаны да қолға алуға болад су деген іргеде жатыр. Осының бәрін игеру керек, халық соны пайдалану керек,-дейді Әбдімомын Желдібаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «парасат» орденінің иегері
Сонымен-қатар Көктөбе ауылының тұрғыны еңбек ардагері, 4 – қыз, 6 – ұл тәрбиелеп өсірген Омаржан Жапсарбаевтың отбасында болып шықты. 82 жастағы Омаржан Омарұлы 22 жыл темір жол саласында, ал зейнеткерлікке дейін құрылыс саласында тынбай еңбек еткен. Көпті көрген қариялармен еркін пікір алмасып, баталарын алып қайтты.