BASTY BETJAŃALYQTAR

ОБЛЫС ӘКІМІ ЭТНО-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін облыс әкімі өңірдегі этно бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Басқосуда 28 жыл бұрын Қазақстан Халқы Ассамблеясының бүгінгі жай-күйін туралы айтылды.

Облыста бүгінгі күні 73 этно-мәдени бірлестік бар. Олар облыс аумағында белсенді азаматтар арасында патриоттық сезім мен ұлттық салт-дәстүрді насихаттап, ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайтуда ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Кездесуде аймақ басшысы алдымен өңірдегі этностардың мәдениетін тиісті деңгейде дамыту керектігіне тоқталды. Сондай-ақ, Ербол Шырақпайұлы биік жетістіктерге жетуде бірлік пен ынтымақтың маңызы зор екендігін жеткізді.

– Негізі ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бүгінде жаңа Қазақстандф құру бастамасы көп қоғамды ұйыстыруда. Мемлекетімізді жан-жақты дамытуға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек деп айтқан болатын. Бұл баршамызға жүктелген міндет. Сондықтан біз әр кез татулық пен бірлікті, достықты сақтап, тұрмыстық мәлелелрді ұлтаралық мәселеге айналдырудан аулақ болуымыз керек. Ол негізі өте маңызды,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі

Алқалы жиында этно-мәдени бірлестік өкілдері ассамблеяның алдағы жұмысына жаңашылдық, өзгешелік енгізу турасында өз ой-ұсыныстарын айтты.

– Жамбыл облысының Ассамблеясы шын мәнінде өте тату. Республика бұл туралы біледі және сіз оған көз жеткізесіз деп ойлаймын. Мұнда қорқыныштан емес, ар-ұждан үшін Отанымыздың игілігі үшін, Қазақстанымыздың игілігі үшін тегін жұмыс істейтін адамдар бар,-дейді Федор Клименко,«Днепро» украин мәдени орталығының төрағасы

Сондай-ақ, өңір басшысы Жамбыл жерін мекен еткен этнос өкілдері ортақ Отанымыздың тыныштығы мен тұрақтылығына атсалысып жатқанына зор алғысын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *