BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ЖОЛ – ТІРШІЛІКТІҢ КҮРЕ ТАМЫРЫ

Талас өңірі аумағында аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуден өткізу жұмыстары жүріп жатыр.

Аудандық маңызы бар, Қаратауға шығыстан кіретін 6 шақырым және батыс бөліктегі 5,5 шақырым жол қайта төселуде.
Қаратау қаласында аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге бюджеттен 370 млн тенге қаржы қарастырылған. Бүгінде мемлекеттік конкурстан жеңімпаз мердігер анықталып жұмыстың 70 пайызын аяқтаған. Жалпы ұзындығы 13 шақырымды құрайтын жолдың ені 7 метр қалындығы 6 см болып төселуде.

– Ағымдағы жылдың қыркүйек айының аяғына дейін толықтай аяқталатын болады. Бізде бұл жол Тамды елді мекенінен және де мынау төменгі ауылдар жаңағы Ақкөл жақпен келетін жолаушылардың барлығы осы жол арқылы келеді Қаратау қаласына,-дейді Еркін Алтешев, Талас аудандық ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Ауыл тұрғындары тас жолдың төселгеніне қуанышты. Алайда асфальт жабындысы зауытқа қатынайтын ауыр жүк көліктерінің кесірінен тез тозып кете ме деп алаңдайды. Десе де жауапты мамандар бұл мәселенің де ескерілгенін жеткізді.

– Аудан деңгейіндегі жолдарын арнайы заңға сәйкес өзінің тоннасы бекітілген 8 тоннаға дейін арнайы приказ бен бұйрықпен бекітілген. Ертен жол аяқталғаннан кейін жол белгілері толықтай орнатылатын болады,-дейді Еркін Алтешев, Талас аудандық ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Ал Аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге жергілікті бюджеттен 47 млн тенге бөлінген. Бұл қаражатқа шұңқырларды жөндеу, жол жиектерін шабу, жол белгілері мен сызықтарын сызу секілді жұмыстар жүргізілген.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *