BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

3 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР ҚЫЗМЕТТІК ЕСКЕРТУ АЛДЫ

Жамбыл ауданында бүгін әдеп жөніндегі көшпелі отырыс өтті. Онда күн тәртібіндегі 11 сұрақ қаралады, оның ішінде 3 тәртіптік іс қаралды. Алғашқысы облыстық көлік инспекциясындағы олқылық. Мамандардың айтуынша шетелдік бланкі мен техникалық бақылау өтілмесе де өтті деген рұқсат қағаздың берілгені анықталған.

Қызметтік тексеріс барысында екі тәртіптік іс анықталып инпекция басқармасы басшысының орынбасары Мірқалықовқа айып тағылған. Алайда қызметтік тексеріс барысында рұқсатнамаларға бірінші басшы Мірқалықовтың емес мекеменің бас маманының қол қойылғаны анықталып отыр. Мірқалықовтың айтуынша мұндай мәселе бұрын сонды туындамаған екен. Бірақ бақылауға алмағанын мойындап, болашақта қайталанбайтынын жеткізді.

Осылайша бірінші басшысының кінәсі анықталмауына байланысты оған тек ескерту түріндегі жаза беру ұсынылды.

– Жалпы мынау сол инспекцияның қызметкерінің қол қойғаны және қызмет көрсеткені анықталып отыр. Сондықтан бұл жерде әрине бұл жерде бірінші басшы артықшылық жіберді деу логикаға қайшы деп ойлаймыз,-дейді Лесбек Ілебаев ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ЖОБ департаментінің басшысы

Бұдан бөлек қаралған екі мәселеде де аса үлкен түрдегі олқылықтар болмаған соң қызметтік ескерту түріндегі жаза берілді. Мамандар мемлекеттік қызметшілерге қызметіндегі артықшылықтың болдырмауын, қоластындағы қызметкерлерді жіті бақылауда ұстауын тапсырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *