BASTY BETJAŃALYQTAR

АЛМАТЫ – СТАМБУЛ – ЙАЛОВА – АЛМАТЫ ЖОБАСЫ

Достар, Түркітілдес журналистер қоры, Қор жанынан ашылған Жас журналистер мектебі мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association – WFPA) 2023 жылдың 27-30 қазанында Қазақстандағы 10-17 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арнап Алматы-Стамбұл-Йалова-Алматы жобасын ұйымдастырады. Сапар барысында оқушыларға тарихи мекендерге пресс-турмен бірге влог, блог жүргізу, ақпаратты тиімді пайдалану, мәтін жазу, видеомонтаж жасау үйретіледі.
Сондай-ақ, 2023 жылдың 2-5 қарашасында дәл осы жоба мектеп пен жоғары оқу орындарының мұғалімдеріне арнап ұйымдастырылады. Жоба шеңберінде Стамбұлдағы университет пен мектептерде тәжірибе алмасу, семинар-тренинг өткізу, арнайы сертификат беру қарастырылған. Қарашаның ортасында баспасөз хатшылары мен PR-менеджерлерге арналған халықаралық жобаларымызды бастаймыз.
Толық ақпарат: +7778 878 3408.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *