ЖАМБЫЛДЫҚТАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.Крюковты еске алуға арналған су добынан халықаралық турнир мәресіне жетті. Жарысқа жалпы саны 6 команда қатысты.
2006 жылғы жасөспірімдер арасында су добынан өткен халықаралық турнирде Тараздық “Айша бибі” команадасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды ресейлік “Уралочка” еншілесе, үшінші орынға Өзбекстаннан келген “Germes» жайғасты.
– Шетелдік қонақтарымызды біз жылы қарсы алдық. Турнир өте тартысты өтті. Финалдық кездесуде барлық командалар барын салады,- дейді Ербол Бабаев, «Айша бибі» командасының директоры