“TARAZ24” ТЕЛЕАРНАСЫ ҮЗДІК КЕЙС РЕТІНДЕ “ASTANA MEDIA WEEK” МЕДИА ФОРУМЫНА ШАҚЫРТУ АЛДЫ
Қазақстандағы 40-тан астам жекеменшік телеарналар ішінде, ашылғанына аз уақыт болғанына қарамастан, өзгелерге үздік жоба ретінде презентация жасауға мүмкіндік берілді.
Astana Media Week – отандық медиа индустрияны дамыту және іскерлік қатынастарды күшейту үшін жасалатын, Қазақстандағы мемлекеттік, тәуелсіз, кәсіби және жаңа БАҚ-тың басын қосатын іс-шара.
Еліміздегі басты коммуникация алаңында ведомство басшылары, халықаралық сарапшылар, инфлюенсерлер мен сала мамандары кездесіп, өзекті мәселелерді талқылап, идеяларын жариялайды. Байланыс орнатып, презентациялар жасап, алдағы жылға жоспарларын айтады.
Еске сала кетсек, “TARAZ24” телеарнасы биыл “Тұмар” ұлттық телевизиялық бәйгесінің шорт-листіне кірген болатын.
Телеарнаның тұрақты көрермендері мен әлеуметтік желідегі оқырмандарына алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыз бізді талмай жұмыс істеп, ары қарай жаңа жобалар дайындауға қанаттандырады.