BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

МЕРКІДЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЕЛ ИГІЛІГНЕ БЕРІЛДІ

Меркі ауданындағы Ақермен ауылдық клубы күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне қайта берілді. Бұл ауыл тұрғындарының көп жылғы сұранысы болатын. Биыл аудан басшылығының бастамасымен осы мәселе қолға алынып, мәдениет ошағы толыққанды күрделі жөндеуден өтті. Салтанатты ашылу шарасына аудан әкімі Жорабек Нұрмергенұлы мен ауыл тұрғындары түгел жиналды.

Ауылдықтарды қуанышымен құттықтаған аудан басшысы Меркі ауданы бойынша мәденеит ошағы жоқ ауылдарды мәдениет нысандарымен қамтамасыз ету ауданның даму жоспарына енгенін атап өтті. Биылдың өзінде Ойтал және Мыңқазан ауылдарында 180 және 90 орындық мәденеит үйлері халықтың игілігіне берілген болатын. Ауыл ақсақалдарының төрағасы барша ауылдастарды қуанышпен құттықтап, басшылыққа алғысын жеткізді.

– Бүгін біздің ауылымызда үлкен қуаныш болып жатыр себебі мынау көптен бері жөнделмеген мәдениет үйі// //Жөнделді соған өтте куаныштымыз// //Мынау жаңа Қазақстаның бір ерекшелігі осы мәдениетке, өнерге сонымен-қатар спортқа көп көңіл бөліп жатыр. Сол себептен біз аудан әкімшілігіне сонымен-қатар жоғарыдағы басшыларға үлкен рақметімізді айтамыз,-дейді Нұржан Жұманов, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы

Айта кетейік, ауылдық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен 96 млн. 980 мың қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстарын «Консуком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Мәдениет үйінде домбыра, қолөнер, вокал және әжелер үйірмелері жұмыс істейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *