ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫ
Аймақ басшысы болып жұмысын бастағанына 10 күн болған Ербол Қарашөкеев аудандарға алғашқы жұмыс сапарын Тұрар Рысқұлов ауданынан бастады. Жаңа тұрмыс пен Құландық тұрғындармен кездесіп, талап-тілектерін тыңдады. Бірнеше әлеуметтік нысандарды аралап, бұқараның тыныс-тіршілігіне қанықты. Толығырақ тілші материалында.
Аймақ басшысы арнайы келіп өткізген басқосуда құландықтардың алғашқы сұрағы, «Ауыл аманаты» жобасына елдімекен қашан енгізілетіндігі. Ал аудан әкімінің айтуынша бұл 2025 жылға жоспарланған. Дегенмен облыс әкімі ауылшаруашылығы басқармасына қосымша қаражат көздерін пайдаланып, бағдарламаны мүмкіндігінше 2024 жылы бастап кетуді тапсырды. Ал Шөңгер ауылының тұрғындары ағын су тапшылығы мәселесі қашан шешілетінін сұрады.
– Есебі шықты. Бір 500 млн теңгенің көлемінде. Оны мынау республикалық «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асыратын боламыз. Ағын суға қатысты. Білесізде Шөңгер тау бөктерінде су қоймасын саламыз деп жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Одан бөлек сол таудан келетін суға канал тарту мәселесіне де жобалық сметалық құжаттамалар әзірленіп жатыр. Бұның барлығы өз ретімен кестеге сәйкес ұсынылады. Қаражат мақұлданғаннан кейін ол жұмыстар жүзеге асырылатын болады,-дейді Ернар Есіркепов, Т.Рысқұлов ауданының әкімі
Облыс әкімінің сапары Жаңатұрмыс ауылдық округінде жалғасын тапты. Жиында ауыл тұрғыны ауыл мектебінде алты ай бойы басшы жоқ екенін, мектеп асханасымен акт залы жөндеу көрмей, қыста мүлде жылымайтындығын айтты. Білім басқармасының басшысы алдымен апатты мектептердің жөнделетінлігін, ал бұл мектептің жөндеуі 2025 жылдық жоспарда тұрғанын атап өтті. Сан сауалды тыңдаған аймақ басшысы енді халықпе кездесулер болатындығын алдын ала жарияланып отыратындығын жеткізді.
– Менің кездесулерім енді барлық аудандарға барамын. Апта сайын барып тұрамын. Міндетті түрде алдын ала өзімнің парақшамда қай жерде, қай уақытта, қай ауылда кездесу өтеді ол міндетті түрде енді жарияланатын болады. Мен ойлаймын негізі мүмкіншілік бар. Келме деп шектеу қоятындай фактілер жоқ деп ойлаймын,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі
Келесі кезекте Ербол Шырақпайұлы агротехникалық жоғары колледжі мен «Арай» алқабындағы 300 орындық жаңа мектеп құрылысыменде жан-жақты танысты. Жұмыс сапары аясында облыс әкімі жақында ғана үшемдер дүниеге келген Найзабековтер отьасынада бас сұқты. Алғыс хат пен сый-сияпатын табыс етті. Аймақ басшысы биыл өңірде 16,5 мың нәресте дүниеге келсе, солардың үш отбасында ғана үшем өмірге келгенін айта келе, Аяна, Айша, Айла есімді үшемнің ата-анасына ізгі тілегін білдірді.
Іссапар барысында Ербол Қарашөкеев Абай ауылдық округінде «Ауыл Аманаты» жобасы аясында несие алып, мал басын көбейтіп отырған Жадыра Нұрпейісова мен Рүстембек Айдарбековтың шаруашылығымен танысты. Айта кетсек, жалпы бұл ауылдық округте 150 адам аталмыш жобаның игілігін көруде. Облыс әкімі ауыл іргесіндегі 23 мың гектар жайылым жердің игілігін көріп отырған тұрғындардың тіршілігіне табыс тіледі.