«КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жамбылда «Киелі мекен» апталығы басталды. 20-шы сәуірге дейін жалғасатын екінші аптада өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Бүгін ерікті жастар мен «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің қызметкерлері тазалық жұмыстарына атсалысты. Бұл туралы «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі хабарлайды.
8 сәуірде басталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы келесі айға дейін жалғасын таппақ. Бес аптаға бөлінген іс шаралар легі Таразда да жалғасын тауып отыр. Ал бүгіннен басталған «Киелі мекен» апталығында Жеңіс саябағыдағы Б.Момышұлының ескерткіші жуылып, тазаланды. Бұдан бөлек көгалдарға 500 түп роза гүлімен, 50 туня, 20 ясин ағаштары отырғызылды.
- Мынау «Киелі мекен» апталығы өтуде. Осы апталық аясында қаламыздағы тарихи мәдени ескерткіштер ретке келтіріліп осы саябақтарға тал, гүлзарлар отырғызылуда. Осындай жұмыстарға енді тәрбиелік сипатта жастар жұмылдырылған. Сондай-ақ біздің мемлекеттік орган қызметкерлері-, дейді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмайл
Жалпы шаһар тазалығымен «Жасыл ел- Тараз» қызметкерлері айналысады. Ал бүгін оларға ерікті жастар қолғабыс етті. Мекеме қызметкерлері бір қалада тұрған соң әрбір азамат қаланы абаттандыру жұмыстарына қатысуы керек деген пікірде.
- Қаламыздың өсіп көркейуіне қаламыздың жастары, еріктілер ат салысса екен деген үмітіміз бар. Одан кейін саябаққа келген қаламыздың тұрғындары мен қонақтары жақсы демалсын деп саябақтарды көркейтіп жатырмыз-дейді, көгалдандыру учаскесінің меңгерушісі Гүлнар Оразалина
Айта кетейік «Киелі мекен» апталығы алдығы 1 апта бойы жалғасады. Жауаптылардың айтуынша өңірдегі барллық тарихи-мәдени және археологиялық ескерткiштердің абаттандырылмақ