ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ
16-тамыз Дүниежүзілік тазалық күні. Осыған орай, қаламызда Республикалық «World Cleanup day» жалпыхалықтық сенбілік акциясы өтті. ІС ШАРА аясында рұқсат етілмеген жерлердегі қоқыстарды жою, көшелер мен саябақтарды тазарту жұмыстары жүргізілді. Оған еріктілер, қала тұрғындары мен мемлекеттік қызметкерлер жұмылдырылды.
«Дүниежүзілік тазалық күні» – ғаламшардың тазалығы үшін күресте әлемнің 180 елін біріктірген біздің заманымыздың ең ірі азаматтық қозғалыстарының бірі. Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінен еріктілер жерді қоқыстардан тазарту үшін жиналады. Тазалық шарасына былтыр 25 мыңға жуық жамбылдық белсене атсалысқан. Акция аясында волонтерлар арықтарды қоқыстан тазалау, ағаштарды әктеу, мәдени орындардағы қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізді.
– Барлығымыз дүниежүзілік тазалық күніне бір кісідей қатысып отырмыз. Біздің партия да шетте қалып жатқан жоқ. Бүгін мүшелеріміз белсенді түрде қатысуда. Өздеріңіз білесіздер бізде таза су, таза жер, таза ауа болатын болса өзіміздің келешек ұрпақтарымызға өте маңызды, өте пайдалы нәрсе. Сондықтан біздің партияларымыз осындай ұранды ұстап бүгін осындай акцияға қатысып отыр,-дейді Серік Қойбақов, ЖО «байтақ» жасылдар партиясының төрағасы
Сондай-ақ, елімізде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен «Kieli Tabigat» республикалық акциясы бастау алды. Игі бастамадан жамбылдықтар да шет қалған жоқ. Облыс аумағындағы 11 сакральдық орындарда белсенді жастар , мемлекеттік қызметшілер, еріктілер мен оқушылар тазарту жұмыстарын жүргізді. Айша бибі кесенесі аумағын қоқыстан тазартып, шіріген шөп жапырақтарды жинады. Айта кетейік мұндай сенбілік жұмыстары облыстың өзге де аудандарында белсенді жүргізілуде.