«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ
Аманат партиясы жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен “қарызсыз қоғам” жобасы бастау алды. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жоба барлық аудандарда жүргізіліп, бүгінгі күнге 7619 адам қамтылған. 18 қыркүйек пен 30 қараша аралығында Тараз қаласы бойынша 3000 адамды қамту жоспарлануда.
Оқу барысында азаматтар қаржылық мәселелерді шешу, ағымдағы несиелерді азайту, қолма-қол ақшаны басқару және шығындарды оңтайландыру сынды қаржылық басқаруды жан-жақты меңгеріп шығады. Несиені қайта қаржыланджыру, банк мәселелері бойынша заңгер мен халық банк қызметкерінің көмегіне жүгіне алады. Оқыту 5 күн бойы жалғасады. Курс аяқталған соң қаржылық сауаттылықты арттырғанын растайтын сертификат беріледі.
– Бұл жоба республика бойынша 2-мамырдан бастап жүріп жатыр. Жоспар бойынша жылдың аяғына дейін 80мың адамды оқыту жоспарда тұр. Инвестициялық құралдар, ақшаны жинақтау тәсілдері, банкротвоға өтінім беру талаптарын түсіндіру, кәсіп ашамын деушілерге бизнес жоспарды қалай жазу керек, қай жаққа өтінім тастауға болады, қайтарымсыз гранттарды қайдан алуға болады. Осының барлық 5 күндік тренингте толық қамтылады,-дейді Айман Ақынбекова, қаржы сарапшысы