BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

ҮШЕМДЕР ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Жамбылда тағы бір отбасы үш жанмен толықты. Меркі ауданының тұрғыны Гүлжан Мәдибаева бірден үш сәбиді дүниеге әкеліп, жақындарын қуанышқа бөлеп отыр. Облыстық перениталдық орталық дәрігерлерінің бақылауында болған үшемдер анасымен бірге кеше үйлеріне шығарылды. Найзабековтар отбасының қуанышына арна тілшілері де ортақтастып қайтқан еді.

Аяна,Айша,Айла 33 аптасында дүниеге келген. Уақытысынан бұрын туылған үш қыз баланың қазір жағдайы жақсы. 2 апта дәрігерлердің бақылауында болып, орталық қызметкерлері баланы тамақтандыруға, күтіміне көмек берген.

— Балалар бір тәулік бойы реанимация бөлімінде респераторлық терапия алды. Екінші тәуліктен бастап анасының қасына ауыстырылды. Қазір Аналарымен бірге балалар сол бөлімше де бақылауда болып бүгінгі күнге жағдайлары бір қалыпты болғандықтан балалар үйлеріне шығарылып жатыр,-дейді Ақмарал Амантаева, облыстық перинаталды неонотология дәрігері

Бұған дейін егіз ұлды тәрбиелеп отқан отбасы енді бірден 5 баланың ата анасы атанды. Нұрбол Найзабеков әулетімізде бұдан басқа да егіздер бар деп, қуанышымен бөлісті.

— Бүгін біздің отбасымызда үлкен қуаныш. Егіз ұлымнан кейін осындай үшем қыз бұйырып отыр екен алла тағала. Өте қуаныштымыз. Бүгінгі күні пленаатарлық орталықтан шығару күні болып жатыр. Жалпы қуаныштымыз. Әсер қобалжып тұрмыз десекте болады,-дейді Нұрбол Найзабеков, үшемнің әкесі

— Көпбалалы ана-ана болып отырмыз. Өте қуаныштымыз. Ұлдардан кейін қыздар келгеніне. Қандай болса да дендері сау болсын деп тілейміз. Осы жақта екі апта болдық. Барлығы жақсы. Вестарын қосып жатыр. Барлығы жақсы болғаннан кейін бізді шығарып жатыр,-дейді Гүлжан Мәдибаева, үшемнің анасы

Облыстық перинаталдық орталық дәрігерлерінің айтуынша Биыл облыста жыл басынан бері 4 отбасыда үшем дүниеге келген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *