BASTY BET

ҚАЙСАР ҚЫЗ – ӘЙГЕРІМ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке үстіміздегі келесі жылдың 1 қыркүйегінен бастап әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға берілетін жәрдемақыны 14,5 пайызға арттыруды тапсырған болатын. Статистикаға сүйенсек бүгінде 700 мыңнан астам адам осы санатқа жатады. Солардың бірі нәзік, әрі қайсар қыз – Әйгерім Үркімбаева.

Әйгерім Үркімбаева 2013 жылы жол апатына ұшырайды. кейіннен көзінің көруі нашарлап «I топтағы көз мүгедектігін» алады. Десе де Әйгерім қаймықпай республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Қазіргі таңда тактильді кітаптар шығару ісімен айналысады.

Қазір Әйгерім екі баланы тәрбиелеп отыр. Тағдыры ұқсас адамдармен сөйлескенді ұнатады. Оларға Барлық жағынан қолдау көрсетіп, байланыста болатындығын жеткізді. Өйткені, оларға көбірек қамқорлық пен сүйіспеншілік қажет. Мен өзім де бір кездері осы жағдайды бастан өткердім. Сондықтан мен оларды түсінемін және көмектескім келеді», – дейді Әйгерім….

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *