ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ХІ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМЫ
Бүгін шаһарда азаматтық қоғам мен мемлекет диалогын дамытудың негізгі алаңдарының бірі болып табылатын – 11-ШІ облыстық Азаматтық форум өтті. Оған Астана, Алматы және басқа да қалалардан 40-қа тарта қоғамдық ұйым басшылары арнайы келді. Әділетті Қазақстанды құрудағы әріптестік бойынша ой өрбітті.
Алқалы жиын азаматтық қоғамның дамуына бағытталған. Сондықтан жаңа форматтағы басқосуда жастар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсынысы ашық талқыға түсті. Аймақ басшысы бұл саладағы жемісті жұмыстарды да тілге тиек етті.
– Қоғамдық ұйым өкілдері президенттік сайлауда, жалпыхалықтық референдумда, мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауларында бақылаушы, сарапшы ретінде жұмыстарын көрсете білді. Бүгінгі форум жай ғана пікір алмасатын жер емес. Әр азаматтың мәдени, рухани өрлеуіне жол ашатын шамшырақ десек те артық айтқандық емес,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі
Әкімдіктің қолдауына ие болған әрбір жоба түрлі салалардың алға жылжуына серпін берді. Жиында еріктілер қозғалысы, үкіметтік емес ұйымдар, әленуметтік осал топтарды ынталандыруға бағытталған жоба жетекшілеріне құрмет көрсетілді. Облыс әкімінің түрлі марапатына ие болды.
Сондай-ақ жиында азаматтық ұсыныстарын жергілікті билікке жеткізе білген қоғам белсендісі Исламбек Дастан облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
– Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясында мемлекеттік ограндардың бірінші басшылары үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесулер өткізу және олардың нәтижелері бойынша азаматтық қоғам үшін өзекті мәселелердің тізбесін қалыптастыру. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара өкілеттік емес іс-қимылдар құруды жандандыру. Бұл негізі кезінде бізде болған. Пандемия кезінде оның барлығы тоқтап қалды,-дейді Исламбек Дастан, «ЖО жастар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы
Айта кетейік, Жамбыл облысы форумды биыл облыстар арасында он екінші болып өткізіп отыр. Ал өңірде қазіргі таңда 878 үкіметтік емес ұйым бар. Оның 200 ге жуығы белсенді түрде жұмыс атқарып келеді.