BASTY BETBILİKTARAZ 24 ONLINE kz

Өнер – жүрекке жол ашатын рухани күш

Таразда жазасын өтеушілерге арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды , – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.

К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының өнерпаздары Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға арнап концерттік бағдарлама ұсынды.

Рухани-мәдени шараның мақсаты – жазасын өтеушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау, рухани дүниесін байыту және өнер арқылы ізгілік пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеу.

Концерт барысында филармония әртістері әсем әндер орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әуезді әуендер мен мазмұнды музыкалық шығармалар қатысушылардың көңілінен шығып, оларға рухани серпіліс берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мәдени шаралардың тәрбиелік мәні зор. Өнер арқылы адам бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастырып, өмірге деген оң көзқарасын нығайтуға болады. Сонымен қатар сотталған азаматтардың қоғаммен байланысын үзбей, рухани құндылықтарды бағалауына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, ізгілік пен адамгершілікті насихаттайтын мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *