BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНІҢ МҮШЕЛЕРІМЕН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесу өткізді. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында белгіленген басым бағыттар талқыланды, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында Агенттік төрағасы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға қатысты міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда, мемлекеттік аппаратты қағазбастылықтан арылту, шешім қабылдауға және елдің дамуына кедергі келтіретін артық рәсімдерді қысқарту мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілерге арналған әдеп қағидаттарын әзірлеу бағытындағы жұмыстарға назар аударылды. Дархан Жазықбай Президент бастамаларын жүзеге асыруда жастардың әлеуеті мен белсенділігі айрықша маңызға ие екенін атап өтті.

Жиынға қатысқан Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері Жолдауда көтерілген мәселелер төңірегінде өз ойларын ортаға салып, ел дамуына бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға атсалысуға дайын екендіктерін білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *