BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ ВЛАДИМИР ПУТИНГЕ ХАТ ЖОЛДАДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысына байланысты хат жолдады, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы хатта сапар барысында көрсетілген құрмет пен жоғары деңгейдегі қабылдауға ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, жылы жүздесу мен өзара сенімге негізделген келіссөздер екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға мүмкіндік берді.

Президент жолдауда Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық қатынастарды жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне көтеру жөніндегі декларацияның маңыздылығын атап өтті. Құжат екі ел арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге ықпал ететініне назар аударды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *