JAŃALYQTAR

Тараздағы түзеу мекемесінде алғыс айту күні атап өтілді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты №59 мекемесінде алғыс айту күнін атап өтті. Іс-шара Жамбыл облыстық Прокуратурасы мен Жамбыл облыстық әкімдігінің үйлестіруімен және Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды. Түзеу мекемесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жазасын өтеушілерге Тараз қаласындағы Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары жырдан шашу шашып, ән шырқап, жазасын өтеушілерге отбасымен аман-есен қауышуларын тіледі. Өз кезегінде сотталғандар өнерпаздарды мерекелік көңіл күймен қарсы алып, алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, жазасын өтеушілер мерекеде осындай концерт ұйымдастырып бергені үшін мекеменің әкімшілігіне де алғыстарын білдіріп жатты.
Мекеме әкімшілігі

Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің басшысы Алпысбай Лесхан Бақытұлына, мекемедегі сотталғандардың түзелуіне, білім және мәдени деңгейін арттыруға, оңалту бағдарламаларына қатысуға ынтасын қалыптастыруға арналған іс-шараларды өткізуге бірлесе жұмыс жасағаны үшін ерекше алғысын білдіреді!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *