«БУРЫЛ» АЛҚАБЫНА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР
Тараз қаласында жол жөндеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Жоспар бойынша енді «Бурыл» алқабында жолдар асфальтталып жатыр. Айта кетку керек, шаһардағы бұл алқапқа бұған дейін жол төселмеген.
«Бұрыл» алқабындағы жол жөндеу жұмыстары бір жеті бұрын басталды. Алқап тұрғындары ширек ғасырдан бері жол игілігін көрмеген. ал қазір құрылыс басында 10-ға жуық техника мен 20-дан аса адам еңбек етіп жатыр.
– Алдымен үлкен көшелерді жасап алайық және мектепке барар жолды. Шетінен бастап кезең кезеңімен жасаймыз. Қыста күн суып жатса да, егер қар болмаса ішкі жұмыстарды жасай береміз. Моторымыз бар қоятын, бардюрымыз бар қоятын, дайындық жұмысымыз бар. Осының бәрін біз тоқтатпаймыз. Бірақ сапалы болуы керек-дейді Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі
Талай жыл тас жол азабын тартқан тұрғындар қуанышында шек жоқ. Жергілікті халық атанына алғыстарын айтты.
– Қала әкімінің басшысына, жанындағы жігіттерге көп-көп рахмет. Көптен күткен жол құрылысы басталып көңіліміз көтерілді. Халықтың рахметтен басқа айтары жоқ. Көп-көп рахмет,-дейді Мәдібек Қалмахан, «Бурыл» алқабының тұрғыны
Жолдарды асфальттау жұмыстары қаланың өзге аумақтарында да жүріп жатыр. Қазір Сәтбаев көшесі, Жамбыл даңғылынан Иманалиев көшесіне дейін орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Айта кетейік биыл облыста 800 шақырымға жуық жол жөнделеді деп жоспарланған.