BASTY BETBILİKDENSAÝLYQJAŃALYQTARJAŃARǴAN JAMBYLYMOnline oıQOǴAMTARAZ 24 ONLINE kzАймақДенсаулықЕлКЕРЕКТанымал

МЕРКІ АУДАНЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Меркі ауданының Тұрар Рысқұлов ауылында көптен күткен фельдшерлік-акушерлік пункт халық игілігіне берілді,-деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агентігі.

Жаңа медициналық нысан ауыл тұрғындарына сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

 Шара барысында ауыл ақсақалы Советхан Әділбеков пен ардагер медбике Биғайша Еркебаева жаңа нысанның тұрғындар үшін маңыздылығын жеткізді.

Медициналық нысан бір уақытта 15 келушіні қабылдай алады. Ғимаратта акушерлік, қаралу, екпе егу кабинеттері, стерилизациялық бөлме, физиотерапия және басқа да қажетті медициналық бөлмелер қарастырылған. Барлық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Ғимараттың құрылыс жұмыстарына аудандық бюджеттен 246 млн. теңге жұмсалған.

Ауыл тұрғындары жаңа медициналық нысанның іске қосылуына атсалысқан азаматтарға алғысын білдіріп, ел игілігі үшін қызмет ететініне сенім білдірді. Жергілікті билік өкілдері ауылдық елді мекендерді дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *