ОБЛЫС ӘКІМІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ
Жақында ғана тағайындалған аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев «Ұлы дала» мөлтек ауданына барды. Облыстағы екінші жұмыс күнінде бірқатар нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысып, тұрғындармен кездесті. СОндай-ақ күні кеше облыс әкімдігіне «Бурыл» алқабынан келген халықтың шағымы бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Аймақ басшысы алдымен құрылысы жүргізіліп жатқан 4 білім ошағына арнайы барды. Оның екеуі «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатыр. Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, білім ордаларының құрылысы кестеге сәйкес жүрде. Бұл орайда облыс әкімі бұл ауданда мектеп тапшы екендігін, сондықтан 1 айға да кешігуге болмайтындығын айтып ескертті.
– Мерзімді енді уақытылы бітіріңіз. Мына жақта жағдай қиын болып жатыр, ахуал қиын. 15 мөлтек ауданының тұрғындары кеше ғана бір топ азаматтар келіп кетті. Балаларын оқытатын жерлері жоқ. 1 айға созуға да болмайды қазір,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі
Жоспар бойынша мөлтек ауданда 5 қабатты 150 тұрғын үй, 5 балабақша, 2 емхана салынады деп жоспарланған. Мұнан бөлек бос жатқан 10 гектар аумаққа саябақ соғылады. Онда күз айларында 5 мың түп ағаш егіліп, келесі жылы абаттандыру жұмыстары аяқталады. Осылайша 2025 жылы пайдалануға беріледі. Ал шаһар басшысы құрылыстан бөлек шешілмей жатқан мәселелер де назарда. Ең өзектісі жылыту мәселесі болып отыр-, дейді.
– Жылу мәселесі бойынша былтыр 15 мөлтек ауданда біраз жылу бойынша мәселелер туындады. Үйлердің астына насос қойдық. Ол насостар тұрғындарға қолайсыз жағдай туғызды. 1-қабатта тұратындарға. Түнімен шуылдап тұрғындар тарапынан сондай шағымдар болды. Бүгінгі күні бұл мәселе толықтай шешілді деп айтуға болады. Қазір мөлтек ауданның кіре берісіне үлкен насосный станциялар салып жатырмыз. Ол осы мөлтек ауданды жылумен қамту ету үшін жасалып жатқан іс шара,-дейді Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі
Ербол Шырақпайұлы бірқатар көпқабатты тұрғын үйді жаяу аралап, халық пікіріне құлақ түрді. Тұрғындар ойын алаңдарының жоқтығын, болса да тозығы жеткенін, аулалардағы жолдың тар екендігін жеткізді. Барлық ойын алаңшасының жарамсыз күйге түскенін байқаған аймақ басшысы жергілікті кәсіпкерлерді тартсақ та бұл мәселені тез арада шешу керектігін баса айтты.
Облыс әкімі жаңа шағын аудандағы жұмысын «Бүркітәлі» мектебіндегі тұрғындармен кездесумен қорытындылады. Ербол Қарашөкеев жиында көтерілген өзекті мәселелерді жуық арада шешу керектігін ескертіп, жауаптыларға нақты тапсырма жүктеді.