BASTY BETJAŃALYQTARSport

КАНВОН-2024: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНА АТТАНДЫ

Қазақстан ұлттық құрамасы Канвондағы қысқы жасөспірімдер олимпиадасына қатысу үшін Оңтүстік Кореяға аттанды.

Елордада Кореяда өтетін 4-ші қысқы жасөспірімдер олимпиадасына отандық спортшыларды шығарып салу рәсімі өтті. Еліміздің көк байрағы шорт-тректен ел чемпионы Ерасыл Шыңғысхан және конькимен жүру спортынан ҚР спорт шебері Кристина Шумековаға табысталды. Айта кетейік Канвон-2024 ойындарына 14 пен 17 жас аралығындағы әлемнің 70 елінен 1800 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Мұнда 7 спорт түрінен 81 медаль сарапқа салынады. Ал біздің құраманың 42 спортшысы биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы, фристайл могул және шайбалы хоккей сынды спорт түрлерінен бақ сынайды. Төрт жылдықтың басты бәсекесі 19 қаңтар мен 1 ші ақпан аралығында Каннын қаласында өтеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *