ЗАҒИП ЖАНДАР АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ
Таразда көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар арасында облыстық байқау өтті. «Мақсат бар жерде – шектеу жоқ» атты сайысқа өңірден 9 азамат қатысып, бақтарын сынады.
5 номинация бойынша өрбіген байқау қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылар компьютерде мәтінді жылдам теріп, мәнерлеп оқу бойынша сынға түсті. Диктант, эссе жазып, әртүрлі тақырыпта суырыпсалмалық қырынан танылды. Қатысуға ниет білдірген азаматтардың дайындығына 1 ай көлемінде уақыт берілген.
– Бұл мәдениет министрлігінің дайындаған іс шарасы байқауы. Бұл жерде республикаға іріктеу яғни бұл Жамбыл облысындағы іріктеу болып жатыр. Қазір 10 ауданның ішінде өткізіліп отыр,-дейді Зарина Дүкенбаева, ЖО көзі көрмитін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана директорының орынбасары
«Жылдам әрі мәнерлеп оқу сайысы» бойынша қатысып жатқан Шорахан Құттыбаев ең алғашқы бақауым дейді. Осы сайысқа 15 күн дайындалыпты.
– Бүгін міне осындай сайыс өтіп отыр. Бұл сайыстың өткізілуіне қуаныштымын өте. 5 номинациядан маған мәнерлеп оқу 1ай системасында және оқу жылдамдығы, оқу барысында барған реакциямыз бәрі тексеріліп отырды қарап отырылды. Бұның барлығы бізге ерешелері түсіндірілді,- дейді Шорахан Құттыбаев, қатысушы
Бұған дейін он ауданда өткен байқау, облыстық кезеңмен қорытындыланып отыр. Ақтық сында үздік деп танылған азамат енді республикалық байқауда бағын сынайтын болады.