ҚҰМШАҒАЛДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
Бүгін Құмшағал мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жас өспірімдерге арналған нысанның ашылуына жиналған халықтың қарасы қалың болды. Енді мұндағы балалар спорттың 8 түрінен шұғылдана алады.
Жаңадан ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында бүгін «Балалар мен жасөспірімдердің дене дайындығы клубы да құрылды. Еңбек ардагерлері және қала тұрғындары қатысып, жылы лебізіндерін білдірді. Ал облыс әкімі жас спортшыларға үлкен сенім білдіретінін жеткізді.
– Бұл спорт кешені жергілікті тұрғындардың игілігіне қызмет етіп, болашақ әлем чемпиондарымен жүлдегерлерін шығаратынына сенімім мол. Облыста дене-шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың саны 992 мыңнан астам адамға немесе облыс тұрғындарының 40 пайызынан асты,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі
Ғимаратта спорттың футзал, баскетбол, волейбол, қазақ күресі, самбо, дзюдо, бокс, кикбоксинг секілді 8 түрінен жаттығуға жағдай жасалған. Мұнда 7 жастан 17 жасқа дейінгі 500-ден астам балалар мен жасөспірімдерді спортпен шұғылдана алады. Жеткіншектер үлкен мүкіндіктің ашылғанын мақтанышпен айтса, тұрғындар шексіз қуаныштарын жеткізді.
– Құмшағал ауылы қалаға қосылғаннан бері 10 жылдай болып қалды. Содан бері мектеп салынды содан кейін мынау спорт кешені салынды. Рақмет айтамыз,-дейді Рахманбек Рысдәулетұлы, еңбек ардагері
Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы оқушылардың мектептен тыс уақытта белсенді салауатты өмір салтын жүргізуге мүмкіндік береді. Жалпы жаттығу процесінен бос уақытта ойын спорт түрлері бойынша спорт залы, сондай-ақ жаттығу залы облыс орталығының тұрғындары үшін қолжетімді