ЖАМБЫЛДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫЛАР ЖАРЫСЫ
Жамбыл ауданында да отбасы күні қарсаңында кезекті іс-шара өтті. Түрлі жас отбасылар іріктелініп алынып, эстафеталық жарысқа қатысты.
Қатысушы отбасылардың барлығы қоғамдық өмірде белсенді әрі үлгілі жанұялар. Эстафета шарты бойынша әкесі-ана және балалары 8 түрлі кезергілерден өтіп, өздерінің мықты әрі тату-тәтті жанұяның үлгісі ретінде көрсетуі қажет болатын. Тартысты өткен сайыста барлық қатысушылар белсенділіктерін дәлелдеп бақты. Жарыста аудан әкімінің орынбасары мұндай байқаулар халықты бұқаралық спортқа тартып, отбасылар арасында белсенділікті арттыратынын атап өтті
– Жалпы мемлекет тарапынан мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар өте көп. Соның бірі республикалық деңгейде өтетін мерейлі отбасы. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты отбасылық қүндылықтарды насихаттау. Отбасы институтының иммиджін көтеру,-дейді Махпал Досымбекова, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары