ЖЫЛҚЫБАЕВ ЖАМБЫЛҒА КЕЛДІ
Күні кеше Ержан Жылқыбаев Жамбылға іс-сапармен келді. «АМАНАТ» партиясының хатшысы өңірдегі бірқатар нысандарды аралап, жұмысымен танысты. Алдымен жаңадан салынып жатқан мектеп құрылысын көріп, 2,5 пайызбен несие алған шаруашылықтар жағдайын біліп қайтты.
Аманат партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ұлы дала мөлтек ауданында мектеп салынуда. 1200 орындық білім ордасының құрылысы сәуір айында басталған болатын. Жоспар бойынша ағымдағы жылдың соңында пайдалануға берілмек.
– Сіздің міндетіңіз тезірек бітіру сапасын все таки бұл мектеп сапылы 15/20 жыл осы 15 мкр балаларының жақсы көзін қуантатын білім ошағы болу керек,- дейді Ержан Жылқыбаев, «Аmanat» партиясының хатшысы
Келесі кезекте партия хатшысы Жуалы ауданына арнайы ат басын бұрды. Мұнда 2,5 пайызбен несие алған шаруалармен кездесті. Несие алушылар бағдарламаның жүзеге асып жатқанына дән риза. Тек жеңілдетілген пайызбен ақша алу үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп ай сайын салық төлеу қалтаға салмақ салып жатқанын жеткізді.
Ержан Жұматұлы өз кезегінде бұл мәселені назарға алынатындығын жеткізді.