Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз!
BASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ТОҚАЕВ ҰЛЫБРИТАНИЯДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі жаңадан тағайындалған елшісі Әлібек Бақаевты қабылдады, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.

Кездесу барысында Президент қазақ-британ қатынастарын одан әрі дамыту бағытындағы негізгі міндеттерді белгіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді тиімді жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы елдер арасындағы саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ энергетика, көлік, инновация және білім беру салаларындағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге басымдық беруді тапсырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *