BILİKJAŃALYQTAR

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекеттік қызметкерлер бүгін ант қабылдады! Салтанатты жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің аппарат басшысы Мәди Мәтен қатысып, жас мамандарға сәттілік тіледі.

Мемлекеттік қызмет-қашан да абыройлы міндет болып қала бермек. Бүгін өз еңбектерімен бір саты жоғары көтерілген 15-ке тарта жас маман конституцияға берік болып, өз қызметтерін жоғары деңгейде атқаруға уәде берді. Сала мамандарына барлық жағдай жасалған енді аянбай еңбек етуге әрқашан дайын екендіктерін айтады.

– Елімізге өзіміздің үлесісмізді қосып, жинаған білімімізді іске асыруға ниеттіміз. Соған ұмтылып жатырмыз әлі де. Сол арман бір жағынан. Сол арманды іске асыру, соған жету. Шын жүректен бүгін бәрін қабылдаған антымен құттықтаймын. Сәттілік тілеймін. Өз білімдерін пайдалансын,-дейді Нұрсұлтан Оразымбет, жас маман

Жиын соңында басқарма басшылары да құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті. Олар жастардың мемлекеттік қызметке көптеп келуі, ана тілде еркін сөйлеуі көңіл қуантатады дейді. Алдағы уақытта оларға ауқымды мүмкіндіктер ұсынылып, жалақы мөлшері де көтерілетіндігін айтады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *