JAŃALYQTARSport

КЕНШІЛЕР КУБОГІ САРАПҚА САЛЫНДЫ

Қаратау қаласының 60 жылдығына орай ардагерлер арасында кіші футболдан турнир өтті. «КЕНШІЛЕР КУБОГІН» 4 команда сарапқа салды.

Доп додасына қатысуға Грекиядан Омония» командасы арнайы келген. Сондай ақ жамбылдық Намыс», «Сарысу» «Фосфорит» өзара бақ сынасты. Ойын нәтижесі бойынша Қаратаулық Фосфорит” құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші орын грекиялық командаға бұйырды. үздік үштікті тараздық “Намыс” түйіндеді. Шара соңында жеңімпаздарға кубок және медаль мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

– Бұл жарыс Қаратау қаласында 60 жылдығына орай ұйымдастырылып жатыр. Басты мақсаты бізде тұрып кеткен мемлекет қазір өмір сүріп жатқан жерлестерімізбен қайта қауышу және өзіміздің облыстың арасында бұқаралық спортты дамыту, арамызда ынтымақтастықты дамыту,- дейді Ерназар Тоқсанбаев, Талас ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *